Эндрю Синк есімді инженер танысу сервистерінде қыздардың суреттеріне like басатын робот жасап шықты деп хабарлайды Daily Dot.
Tinder-O-Matic деп аталған робот әрбір төрт секунд сайын смартфонды жаңартып, онда белгілі бір бұйрықты орындайды. Tinder танысу қосымшасында өнертабыс бір сағаттың ішінде 900 фотоға like баса алады. Tinder-O-Matic дұрыс жұмыс істеу үшін Tinder бағдарламасын қосып, оған смартфонды дәл қойып беру керек. Бұдан кейін робот егесі өз ісімен айналыса беруіне болады. Егер роботты жарты тәулікке қалдырып кетсе, ол он мыңға дейін лайк басады. Бұл құлтемірдің барлық деталі 3D-принтерден шыққан дейді Эндрю.
Десе де әлеуметтік желілер мұндай роботтың тынымсыз лайк басуын байқаса аккаунтты лезде жауып тастауы мүмкін. Ал құлтемірдің нарыққа шығуы туралы ақпарат әзірге белгісіз қалып отыр.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: sinkhacks.com