Фэйсбук әлеуметтік желісінде Ақтамберді Назымұлы есімді қолданушы Қытай елінде тұратын қазақтардың "Zerde" деп аталатын смартфон жасап шығарғанын жазды.
"Қытай қазақтары жасаған "ZERDE" маркалы ұялы телефон (смартфон) нарыққа шығыпты... Қуаныштымын, ырзамын...", – деп жазады қолданушы.
Суреттерден көріп отырғаныңыздай, смартфон дисплейі Қытайдың белгілі Huawei компаниясының өніміне келіңкірейді. Бірақ ұялы телефон мәзіріндегі ұяшықтардың барлығы дерлік төте жазумен қазақ тілінде жазылған.
Смартфон Wi-fi интернет желісіне қосылады және басқа да функциялары бар. Өнімнің қазақша нақышта жасалғанын "Play" батырмасының ұлттық нақыштағы ою-өрнектерінен де байқауға болады.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: Ақтамберді Назымұлы