Бейжің қаласында тұратын қытайлық фермер Танг Чжэнпин желдің күшімен жүретін көлік құрастырды. Ұзындығы - 3 метр, ал биіктігі - 1 метрді құрайтын көлікті құрастыруға фермер 3 ай уақыт жұмсаған.
Көлік аккумулятордан бөлек алдындағы зырылдауық пен артындағы екі күн батареясынан қуат алады. Танг Чжэнпиннің ойлап тапқан көлігі қазіргі таңдағы электрокарлардан кем емес. Ол сағатына шамамен 140 километр қашықтықты бағындырып, генераторы жоқ көліктерден ұзағырақ жұмыс істейді.
Аккумулятордың екі комплектісі генераторлардан кезекпен қуат алады. Біреуі жұмыс жасап жатқан кезде, екіншісі қуат жинайды. Ал қосымша зарядты қозғалыс кезінде айналып тұратын зырылдауық қамтамасыз етеді. Батареяны 2-3 күнде бір рет қуаттандырып тұрса жеткілікті.
Оқи отырыңыз:
Қазақстанда Kia Sorento көлігі құрастырыла бастады
Tesla Model X электрокарының қытайлық аналогы шықты
Bentley тарихындағы тұңғыш жол талғамайтын көлік
Детройтта 3D-принтермен жасалған көлік таныстырылды
Сурет: ecomot.ru