Күнделікті қалтамызда немесе сөмкемізде жүретін қажетті заттардың бірі - құлаққап. Әсіресе ән тыңдағанды ұнататындар жанынан тастамай ала жүреді.
Құлаққаптың да түр-түрі бар. Қалтада жүргендіктен, сөмке ішінде тұрғандықтан ең көп бактерия жиналады. Тіпті кейде қолдан сусып жерге түсіп кететін сәттер де болады. Ақ құлаққаптар кір болғаны бірден байқалады. Деннің саулығы үшін мұны да шаң мен кірден тазалап тұру керек.
Құлаққаптар әртүрлі зиянды бактерияларды тасуы мүмкін. Осының кесірінен құлаққа инфекция түсіп те жатады. Алдын ала сақтанған абзал.
Құлаққап – жеке гигиеналық құрал. Әріптесіңіз, досыңыз, жақыныңыз сұрап жатқан күнде бермеген жөн-ақ.
Көп адамдар құлаққапты тіс тазартқышпен (зубочистка) тазалайды. Расында да осылай тазалаған ыңғайлы. Бірақ аксессуарды бұзып алу қаупі де жоғары. Егер таңдауыңыз тіс тазалағышқа түссе, ондай абайлап тазалағаныңыз жөн.
Құлаққапты тазалауға аса ыңғайлысы - құлақ тазалайтын таяқшалар. Мақтасы оралып дайын-ақ тұрады. Болмаса бет бояуын сүртуге арналған дөңгелек мақта орамдарын пайдалансаңыз да болады.
Қатты кірлеген жағдайда мақтаны сулап тазалауға болады. Оған де кетпей жатса түрлі медициналық қоспалармен (сутек пероксиді, хлоргексидин) сүртсеңіз кірі тезірек кетеді.
Құлаққапты тазалағанда ұялы телефоннан міндетті түрде ажыратыңыз.