Халықаралық ғалымдар тобы ағаш кубты бұзылғанша бұрғымен тесу арқылы қанша ойықты көтеретінін анықтады.
Тәжірибе нысаны ретінде алты жазықтықтан тұратын, бүйірі 6 см2 және орташа тығыздықты, ағаш талшықты тақтадан жасалған куб алынған. Әр бүйіріне 36 тор болатындай сызып, белгі қойылған. Содан соң сол торларды еріксіз түрде бұрғымен барлық куб арқылы тесе бастаған.
Нәтижесінде, куб әр үш бағыт, яғни x, y және z бағыты бойынша 13 ойықты көтерген, яғни, барлығы 39 ойық болады. Содан соң куб бұзылған. Ал ғалымдар 39 санын оның беріктігінің шегі ретінде белгілеген.
Тәжірибе барысында кубты бұрғылауды классикалық перколяциямен (ұсақ тесікті материалдан сұйықтықтың ағу немесе ақпау құбылысы) салыстыру арқылы оның құрылымы бұзылуға жақындаған сайын қиындай түсетінін байқаған. Ендігі кезекте ғалымдар бұрғылау және соған қатысты басқа да процестер материал құрылымына қалай әсер ететінін тексеруді жоспарлады. Зерттеушілер айтуынша, тәжірибе қарапайым көрінгенімен, оның нәтижесін әр түрлі ортада қолдануға болады. Мысалы, қатерлі ісік ауруларынан бастап метастаз (кеселді жер зардабының дененің басқа жерлеріне де таралуы) құбылысын түсінуге дейін көмектеседі.