- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Кір жуғыш машинаның...
Кір жуғыш машинаның өмірін ұзартқыңыз келсе...
Қазіргі кезеңді кір жуғыш машинасыз елестету өте қиын. Өйткені ол үйімізге ең қажетті құралдардың бірі. Соның арқасында уақытымызды үнемдеп, киім-кешегімізді қолмен жумай, жұмысымызды жеңілдетіп жүрміз. Барлығымыз да оның сынбай, ұзақ өмір сүргенін қалаймыз. Алайда бәрі өзіміздің қолымызда екенін естеріңізге сала кетейік.
Әрине жарнамадан жарқыратып көрсететін құралдарды да қолдануға болады. Бірақ ол кір жуғыш машинамызға жеткіліксіз болуы әбден мүмкін. Себебі су құбырларынан түрлі лас зат шығып, машинамыздың бұзылуына себепші болады. Сонымен қатар жуылып жатқан киімімізге де сарғыш дақтар жұқтырады.
Сол себепті бүгін біз сіздердің назарларыңызға кір жуғыш машинаңызды бұзылудан сақтайтын керемет құралды ұсынғымыз келіп отыр. Оны 3-4 айда бір рет қайталап тұрғаныңыз дұрыс. Ол үшін кір жуатын кезде машинаңызға лимон қышқылын қоссаңыз болғаны. Кәдімгі қарапайым 3,5 кг кір машинаға 15 гр төрт қалташа лимон қышқылы жеткілікті. Қышқылды кір машинаға салып, ең жоғарғы температураға қойыңыз. Кір жуылып болған соң, нәтижесіне көзіңіз жетеді.
Бұл оңай әрі тиімді жолды тұтыныңыз. Ол сіздің денсаулығыңызға да ешқандай зиян тигізбейді. Есесіне кір жуғыш машинаңыздың ұзақ өмір сүруіне көмектеседі.
Ж. Исакаев