- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Қорапшадағы EAC белгісі...
Қорапшадағы EAC белгісі
Бұл үш әріпті белгі заттың қауіпсіз екендігінен хабар береді.
EAC деген не?
EAC — ағылшын тіліндегі Eurasian Conformity сөзінің қысқарған нұсқасы, мағынасы «еуразиялық сәйкестік». Бұл белгіні Кедендік одақ орнатқан арнайы тәртіп бойынша тексерістен өткен тауарларға қояды. Тауарға қойылатын негізгі талаптың бірі – қауіпсіздік.
Кедендік одаққа кіретін елдер аумағында өндірілген тауарлардың сыртына бұл белгі салынады. Олардың қатарында, Қазақстан, Ресейғ Армения мен Қырғызстан секілді елдер бар.
EAC белгісі қандай тауарларда кездеседі?
Кедендік одақтың талабына сәйкес арнайы сертификат алатын туардар тізімі әрдайым өзгеріп отырады. Қазір тізімге:
• Темекі өнімдері;
• Теміржол және транспорт;
• Жиһаз;
• Тамақ өнімдері
• Бидай;
• Лифт;
• Тұрмыстық заттар (асхана құралдары, үтік)
• Компьютер;
• Тоқ;
• Мұнай өнімдері;
• Жеңіл өнеркәсіп өнімдері (мата, киім, аяқ киім);
• Парфюм мен косметика;
• Балалар мен жасөспірімге арналған заттар;
• Ойыншықтар;
• Жеке қорғаныс құрылғалары (газтұтқыш) секілді тауарлар кіреді.
EAC таңбасы салыну үшін қандай талаптар қойылады?
Әр тауарға қойылатын талап әр түрлі. Мысалы, ойыншықтарға:
• өмірге қауіпсіз болуы
• ойыншықты дайындау барысында қолданған материал
• органолептикалық қасиеті
• тұтанғыштығы
• химиялық қасиеті
• гигеналық, токсиндік көрсеткіші
• электрлік көрсеткіші
• радиациялық қауіпсіздік
• микробиологиялық көрсеткіш
• сыртқы қорабы
EAC белгісі қандай болуы керек?
EAC белгісі кирилл немесе латын әліпбиі арқылы жазылады. Қорап сыртында жазу ашық түспен немесе қорап түсімен себлеспеу үшін басқа реңк алады. Белгі квадрат пішінді болуы тиіс.
Белгінің тауарда болмауы оның тексерістен толық өтпегендігінен және оның қауіпті екендігінен хабар береді. Бірақ, тауарды шетелден тікелей тапсырыс арқылы алған жағдайда, бұл белгі кездеспеуі де мүмкін.