Егер сіз Moto X смартфонын сатып алсаңыз, қолыңызға қойылған арнайы татуировкамен блогтау тетігін ашатын боласыз. Тамаша идея! Солай емес пе? Телефоныңызды сізден өзге біреу қолдана алмайды.
Барлығы электронды татуировкадан басталды
Ерекше тату Мотороланың ATAP зертханасында жасалған және ол қарапайым тиынның көлеміндей болады. Оның сапасы өте жоғары. Айта кетсек, сіз оны қолыңызбен үйкесеңіз де немесе басыңызға қойып қозғалтсаңыз да бұрынғы қалпын сақтай алады, яғни блокты еш қиындықсыз аша береді. Қазіргі кезде негізгі блоктар төрт құпия саннан тұрады. Ал ол сандарды біреу-міреу біле қалса, телефоныңыздың ұрланары сөзсіз. Ал жалғыз кілт сізде болса, яғни сіздің қолыңызда болса оған еш қауіп төнбейді.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: news.discovery.com