- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Көліктің эмблемалары не...
Көліктің эмблемалары не білдіреді?
Көліктің эмблемалары не білдіруі мүмкін деп ойланып көрдіңіз бе? Шын мәнінде әр көліктің белгісі оның жылдар бойғы тарихын, дәстүрін көрсететін нышан. Maximonline.ru сайты бұл сұраққа толық жауап берген екен.
Автокөлік атаулы шыққаннан бастап эмблемалармен, түрлі фигуралармен және ескерткіш заттармен сәнделетін болған. Осыған орай, олардың қалай пайда болғаны жайлы ақпарат беруді дұрыс деп таптық.
Alfa Romeo Эмблеманы жасаушылар Миланскийлер герцогтарының Висконти ұрпағының елтаңбасын алған. Қызыл крест (отбасының бірінші крест жорығына қатысқанын білдіреді) және айдаһар. Аңыз бойынша, айдаһар V ғасырда Висконти жұртшылығының қолынан өлген. |
BMW Бірінші эмблема 1917 жылы пайда болған. Онда айналып тұрған зырылдауық (пропеллер) таңбаланған. Ал 1920 жылы провеллердің төртке бөлінген шеңбері ғана қалады. Ал түсі баварлық дәстүрлі түс саналады: ақ және көк. |
Citroёn Андре Ситроен есімді инженер өзінің мансабын кәсіпкерлікпен бастайды. Кәсіпкерлік беріліс қорабын өндірумен айналысқан. Сол беріліс қорабының майда тістері осы таңба болып саналады. Содан бастап бұл белгі өзгермей келеді. |
Ferrari Артқы аяғымен тұрған ат белгісі тұңғыш рет Франческо Барактың ұшағының фюзеляжында таңбаланған еді. Ұшқыш 1918 жылы атып түсіріледі. Ал оның шешесі Энцо Феррариге бұл символды қолдануға ұсынады. Ал сары фон түсі – көліктерді жасайтын зауыттың орналасқан қаласы – Моденнің түсі. |
Nissan Бірінші шыққан автокөліктерде бұл эмблеманың шеңбері қызыл түсті болған. Және атып келе жатқан таңды білдірген еді. Ал тіктөртбұрыш көк түсті болып, аспанды меңзеген. Компанияның ұраны – «шынайылық сәттілікке бастар жол». Кейін келе қызыл және көк түс нағыз металдың түсіне орын босатты. |
Mitsubishi Бұл эмблемадағы үш алмас Ятаро Ивасакидің отбасылық елтаңбасынан алынған. Ятаро көлікті шығарушының әкесі. Бренд атауы да осы эмблемадан шыққан: жапон тілінде «мицу» - «үш» дегенді білдірсе, «биси» - «алмас» деген ұғым береді. Алмас тас бұл елде шындықты, көпішілік алдындағы жауапкершілікті, халықтар арасындағы өзара түсіністікті білдіреді. |
Mercedes-Benz Фирма 1926 жылы құрылған. Карл Бенц пен Даймлер Готлиб компанияларының бірігуінен осындай бренд пайда болған. Даймлердің жұлдызы жер, су және ауаны білдіреді. Ал 1937 жылы жұлдызды шеңбер ішіне қояды. Оған дейін жұлдыздың орнында «Бенцтің» лавр гүлтәжі болған. |
Opel Шеңбер ішіндегі найзағай 30-шы жылдары аңызға айналған Opel Blitz Тур 3,6-ны білдіреді. («Blitz» - неміс тілінен аударғанда найзағай дегенді білдіреді). Ал оған дейін фирманың белгісі басқа еді – Opel деген көк түсті жазу сопақ шеңбердің ішінде болған. Уақыт өте келе жазуды найзағаймен ауыстырған. |
Peugeot Арыстан компания өндірісінің қуатын білдіреді. Peugeot заводы орналасқан жер маңындағы Бельфор қаласында тұрғызылған арыстан ескерткішімен де байланысы жоқ емес. Монументті Огюст Бартольди 1871 жылғы немістердің шабуыл жасағаны туралы тарихи оқиғасын ұмытпау үшін мүсіндеп шыққан. |
Porsche Фирма Штутгард қаласында орналасқандықтан эмблеманың ортасында сол қаланың эмблемасы таңбаланған. Ал қала жылқы өсіретін зауыттың орнында тұрғызылғандықтан оның елтаңбасында ат бейнеленген. Сызықтар мен мүйіз таңбалары Вюрттемберг герцогының елтаңбасынан алынған. Ертеде Вюрттембергтің астанасы осы Штутгард қаласы болған екен. |
Renault Бұл компания ашылғалы бері 32 жыл бойы логотипсіз өмір сүрді. 1922 жылы шеңбер ішінде Renault жазуы бар таңбай пайда болды. Ал 1924 жылдан бастап компания ромб түріндегі таңба салып, күні бүгінге дейін осы белгімен келеді. |
Rover Қорғанысқа ұқсайтын эмблема бірінші кезекте велосипедке тағылды. Ал 1904 жылдан бастап компания өндіретін көліктерге де осы белгіні қоятын болды. Логотиптегі негізгі сурет кеме. Кеме ағылшындардың ата тегі саналатын викингтердің кемесін еске түсіреді. |
Subaru Эмблемадағы жұлдыздар шоқжұлдыздар тобын меңзейді. Ал басқаша атауы – «жеті апалы-сіңлілер». Бұл жеті апалы-сіңлілер ежелгі грек мифологиясындағы Атлас титанының жеті қызын білдіреді. |
Toyota Үш эллипс фигурасы 1989 жылы пайда болды. Көлденең және түзу «Т» деген әріпті құрайды. Эллипстер көлік құрастырудың рухын білдірсе, ондағы ақ кеңістіктер технологияның болашақтағы дамуын көрсетеді. |
Volkswagen Бастапқы кезде эмблемада Volkswagen зауытының маңындағы Вольфсбург қамалының гербі бейнеленген болатын. Кейін келе оны «W» деген әріпке ауыстырды. Оны шеңбер ішінде көрсеткен логотип бүгінге дейін өзгермей келеді. |
Volvo Автозауыттың Volvo Jakob деп аталатын бірінші өнімі қиғашынан бағыт алған сызықпен шыққан еді. Астрологияда бұл белгі ер адамның бастауын білдіреді, сонымен қатар Марстың симолы. 1975 жылы VOLVO деген атауды қалдырып, шеңбер сызылды. |
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: maximonline.ru
А. Құлтай