Жапонияның Nissan компаниясы әлемде бірінші болып көліктің жаңа тұрпаттағы сырын ойлап тапқанын жариялады.
Ол көлік сыртына түскен сырды өздігінен жоғалта алады екен. Бұл сызатқа қарсы тұратын жалатпа сырдың құрамында гидропопты заттар бар, жалатпаның қалыңдығы сыр қабатының қалыңдығымен бірдей. Сызатты өздігінен жоғалтудың уақыты температура мен сызаттың тереңдігіне байланысты. Бұған әдетте бір күннен бір аптаға дейін уақыт кетеді.
Зерттеушілер сызылған көліктің сырына жылы су шашылған жағдайда сызаттың жойылу уақытын бірнеше минутқа дейін қысқартуға болатынын айтады. Мұндай сызатқа қарсы жалатпаның өнімді уақыты үш жыл екен.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: photopic.com