Көлік тазалаудың тиімді әдісі

Көлік тазалаудың тиімді әдісі
Фото: autodrop.ru, en.wikipedia.org

Темір тұлпарымыздың тап-таза болғанын бәріміз де жақсы көреміз. Іші де, сырты да айнадай жарқырап тұруы үшін түрлі тәсілдерді қолданып жатамыз. Алайда кейбір кетпейтін дақтар көлігіміздің сәнін құртып тұрғандай көрінеді. Бүгін біз сіздерге сондай дақтар мен таңбалардан құтылудың тамаша әдісін ұсынамыз.

Ол үшін сізге:

минералды су;
сұйық сабын;
сірке су;
щетка;
бүріккіш бөтелке керек.

Суды сұйық сабын және сірке сумен араластырып, бөтелкеге құйыңыз. Қоспа дайын болған кезде көлігіңіздегі даққа шашып, шамамен 5 минуттай күтіңіз. Кейін щеткамен жақсылап жуып, шансорғышпен тазалауды ұмытпаңыз. Содан соң жылы суға малынған сулы шүберекпен сүртсеңіз, тұлпарыңыз салоннан жаңа шыққан көліктей жарқырап тұрады. 

Ж. Исакаев