Көл мен бөген (су қоймасы) – бір-біріне өте ұқсас су айдыны. Су қойманың жағасына қарап тұрып бұл көл екен деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Бұған бір жағынан таңқалудың да қажеті жоқ. Былай қарасақ, су қойма – жасанды көл.
Оның үстіне, көлдің де, су қоймасының да флорасы мен фаунасы бірдей. Бірақ соған қарамастан, көл мен су қойманың айырмашылығын тауып, екеуін ажыратып алуға болады. Көл табиғи жолмен қалыптасып, бөгеннің адамзат қолымен жасалады.
Көл
Көлдің табиғатта орналасуы бөлек, ерекше. Жан-жағын құрлық қоршап жатады. Көл жер астынан шыққан сумен де, өзен суымен де толығуы мүмкін. Көл мұхиттан алыста жатады, онымен бірігіп жатпайды. Көбінесе, таулы жерде, қатпарлы жерде орналасады немесе мұз басқан аумақта пайда болуы мүмкін.
Жер шарындағы көлдің көбі тұщы, жер астынан, тектоникалық қабаттан шыққан судан пайда болады. Негізінен көлдің басым бөлігі Солтүстік жарты шарда жатыр. Мәселен, Канадада 2 млн су қоймасы болса, Финляндияда 56 мыңнан аса көл бар.
Әлемдегі көлдердің рекорды:
- Каспий теңізі (Қазақстан) – әлемдегі ең үлкен көл
- Жоғарғы көл (Солтүстік Америка) – ең үлкен тұщы көл
- Байқал (Ресей) – ең терең көл
- Танганьика (Шығыс Африка) – ең ұзын көл
Бөген
Бөген – көлдің жасанды, қолдан ұйымдастырылған түрі, суат. Су тоқтайтын орын. Өзен бойына бөгет, тоған сынды құрылыс нысаны салынып, өзен суы сонда жиналады. Су жинала келе, үлкен бассейнге айналады. Бөген көбінесе, суы ішуге жарамсыз өзеннің бойына не көл көп жиналған аймақта салынуы мүмкін.
Адамзаттың су қоймасын салудағы өзіндік мақсаты бар: ауыл шаруашылық, өнеркәсіп, тұрмысқа қажетті суды жинау үшін, балық өсіру үшін, су тасқынымен күресу немесе электрэнергиясын өндіру мен адамдардың демалуы, спортпен айналысуы үшін салынады.
Су қоймасын – бөгенді салу сонау көне замандардан басталған. Мәселен, осыдан мың жыл бұрын Қытай су тасқынын тоқтату үшін қойма салса, Көне Мысыр мен Месопотамия жұрты суармалы егінмен айналысу үшін қойма тұрғызған.
Жер шарында көлге құятын өзен суының 30 пайызы қоймада қалады екен. Яғни, тоған ұстап қалады.
Су қоймасының табиғатқа тигізер кері әсері көп. Қоршаған ортаға зиян келтіреді. Өзен суының табиғи арнасы бұзылып, балықтың, басқа да су жануарларының тіршілік ету аясы тарылады. Кейде адам өміріне қауіп төндіріп, тасқынға себеп болуы да мүмкін. Мәселен, 1975 жылы Қытайда орналасқан Баньцяо қоймасы жарылып кетіп, 170 мың адам қайтыс болған еді.