Сіз белгілі бір заттың, қимылдың немесе амалдың кері бағытын, кері әсерін ойланып, оны зерттеп көрдіңіз бе?
Кері бағытта ойлау дегеніміз – мәселе туралы ой жүгіртуге қарсы бағытта ойлану формасы. Яғни, ыңғайымен шығаруға болмаса, керісінше шығаруды ойластыру; тікелей шешуге болмаса, амалын тауып, жанамалай шешу; дұрыс тұжырымды зерттеген соң, кері тұжырымды зерттеу; мүмкіншілікті зерттеу қиын болғанда, мүмкінсіздікті зерттеуді ойластыруды білдіреді. Кері ойлау ойлау барысының үзіліссіздігін, құбылғыштығын және кері байланыстылықты сәулелендіреді, ойлаудың қатып-семіп қалған қағидасын жеңуге тиімді. Сонымен қоса кейбір ойластырылмаған нәтижелер шығарып, жасампаздық жасауға түрткі болады.
Кері бағытта ойлау дәстүрлі ойлау бағытына қарама-қарсы тұрғыда, мәселеге ой жүгіртіп, үнемі жаңа беталыстарды ашып бере алады. Бұның жанды мысалы ретінде жиын теориясының құрылуы мен күңгірт математиканың дүниеге келуін келтіре аламыз. Математикадағы талдау әдісі мен кері дәлелдеу әдісі – кері бағытта ойлаудың типтік бейнесі.
Англия ғалымы Фарадей 1822 жылғы естелігіне “магнитті электрге айналдыру” деген сөз жазған екен. Бұл оның сол кездегі өзге ғалымдар дәлелдеген “тоқтан магнит пайда болады” дегенді керісінше ойлауымен жазған жаңа ойы еді. Кейін көптеген сынақ арқылы, “магнит тоққа өзгертіліп”, дүние жүзінде тұңғыш генаратор жасалды.
Енді бізге халық аузынан жеткен мынадай жұмбаққа ой жүгіртіп көрелік.
Ертеде екі батыр жігіт ақылымен ел аузына іліккен бір кедейдің қызына бір мезгілде құда түсуге келеді. Қызды қайсысына берерін білмей, ауыл ақсақалдары қатты сасады, ақыры іс насырға шауып, дау‑жаңжал туылатын болған соң қыздың өзі ортаға шығып:
- Екеуің де екі елдің бетке ұстар азаматысыңдар, ешқайсыныңның бастарыңды кемітпеймін. Бірің боз ат, бірің торы ат мініп келген екенсіңдер, қайсың болсаң да бақтарыңнан көріңдер, сонау көрінген қарауыл төбеген барыңдар да осы жерге дейін жарысыңдар. Осы жарыста кімнің аты қалып келсе, мен соның етегінен ұстаймын,‑ дейді.
Екі жігіт қыздың қулығын қарауыл төбеге барғанда бір‑ақ біледі. «ал кеттік, ал жіберелік» дегенімен екеуі де тұрған орнынан қозғалмайды. Өйткені қыз уәдесі бойынша кімнің аты қалып келсе, соның етегінен ұстамақ. Екеуінің де соңғы болып барғысы келеді. Бұлар «қыздың мазағына қалатын болдық» деп дағдарып тұрғанда бір қария келіп жөн көрсетеді. Жігіттер қарияның ақылы бойынша ауылға қарай жарыса жөнеледі, бірінен‑бірі озуға ұмтылады. Сондағы қарияның ақылы қандай ақыл?
Жауабы мынадай: қария оларға аттарыңды ауыстырып мініңдер деп ақыл айтқан. Қыз басында қайсыныңның атың қалып келсе, соған тиемін деген ғой. Ендеше қайсысы болсада бақталасының астындағы өз атын артта қалдыру үшін қарсыласының атын оздыруға күш салатыны белгілі.
Жоғары мысалдан көріп отырғанымыздай осы кітапта жазылған әдістер ғылым, техника саласында ғана емес, өндіріс, тұрмыс барысында да кең қолданымға ие.
Біз төмендегі өнімдерден кері бағытта ойланып көру амалының шабытына ие боламыз:
Шаңсорғыштың төркіні шаң үрлегіш болатын. Ол шаң-тозаңды үрлеп тоздыратын, әрі үй тазалағанда тозаңдарды ұшырып, әбден ластайтын. Кейін шаң үрлеу шаң соруға өзгертілді. Міне, содан қазіргі шаңсорғыш жасалды.
Әдеттегі тегіс табанды орындық ерекшелігін кері бағытта ойлау арқылы жасалған жаңа формадағы орындық:
Тамақ пен сусындықтың бөлек тұруы сынды қатып қалған көріністі кері бағытта ойлану арқылы тапқырланған ыдыс:
Жолдаған: Серікбол Шәймардан
Сурет: rudaki.ru