Қазақстанның қай аймақтарында интернет жоқ?

Қазақстанның қай аймақтарында интернет жоқ?
Фото: visit-petersburg.ru

2021 жылға дейін Қазақстанның халқының 82 пайызы интернетке кіру мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялары министрлігі мәлімдеді.

Ресми ақпаратқа орай, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 77,8 пайызды құрайды. Бірақ Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды мен Батыс Қазақстан облыстарының ауқымы 70 пайыздан аспай тұр.

"Бұл аймақтардың халық тығыздығы төмен болғандықтан, мұнда телекоммуникациялық инфрақұрылым құрылыстарын жүргізу операторлық компаниялар үшін экономикалық тұрғыдан тиімсіз", - делінген министрліктің ресми мәлімдемесінде.

Халқы 10 мыңнан асатын округтерге FTTH, 3G, 4G, ADSL технологиялары бойынша электронды байланыс қызметтері қондырылып жатыр. Мұнымен байланыс операторларының өздері айналысуда. "Digital Kazakhstan"  жобасы аясында жыл соңына дейін интернет қызметі бар аймақтарға 258 жаңа ауылдық округтер кіреді.

Ж. Өрісбай