- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Қазақстан мемлекеттік электрондық...
Қазақстан мемлекеттік электрондық қызметтерді көрсету тәжірибесімен қырғыз делегациясымен бөлісті
Астанада 6-шы қыркүйекте тәжірибе бөлісу шеңберінде қазақстандық және қырғыз тараптарының электрондық көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тәжірибесін зерттеу тақырыбындағы кездесу өтті. Делегация құрамында Қырғыз Республикасы Әділет министрлігінің және «Заңнаманы дамыту орталығы» Қоғамдық қорының өкілдері болды. Кездесу аясында қонақтарға электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қазақстандық тәжірибесімен бөлісті. Дәлірек айтсақ, Қазақстан Республикасының электрондық үкімет және ашық үкіметтің қызметтері таныстырылды.
Қырғыз Республикасы Әділет министрінің орынбасары М.Сарымсақов Қырғызстан үшін Қазақстан тәжірибесінің маңызы үлкен екенін атап өтіп, елде мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру процесінің басталғандығын айтты. Отандық электрондық үкімет порталының танымалдылығы күн санап артып келеді, ресурсқа тіркелген пайдаланушылардың саны 6 миллионнан асты. Бүгінгі күнде eGov.kz арқылы 237 қызмет пен сервистер көрсетіліп келеді, оның ішінде 30 қызметті электрондық цифрлық қолтаңбасыз бір реттік құпия сөз көмегімен алуға болады. Ол үшін www.egov.kz порталында авторизациядан өткен қолданушыға ЖСН және «мобильдік азаматтар қорында» тіркелген ұялы телефон нөмірін көрсету қажет, содан соң алынған бір реттік парольді арнайы жолға енгізу керек. Телефон номірін ЖСН-ға бекітуді қолданушының Жеке кабинетінде немесе ХҚКО-да жүзеге асыруға болады.
Делегацияның Қазақстанға сапары аясында ХҚКО мен Арнайы ХҚКО-ның жұмысымен танысты.
М. Оңғарова