- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Қазақстан — әлемдегі...
Қазақстан — әлемдегі ең қымбат металды экспорттаушы жалғыз ел
Нарықта оның құны алтыннан 30 есе, күмістен 10 мың есе қымбат деп бағаланады. Ең қызығы, Қазақстан бұл металлды өндіретін және сататын жалғыз мемлекет саналады. Еліміз экспорттайтын әлемдегі ең қымбат металдың бірі – осмий-187.
Қазақстан 2004 жылы нарыққа осмий-187 жеткізе бастағанға дейін оның бағасы грамына 100-200 мың доллар болған. Қазір осмий-187 изотопының құны грамына 10 мың долларды құрайды.
Осмий ақ түсті, көгілдір реңкке ие. Алтыннан 300 есе қымбат фантастикалық әдемі металл осылай көрінуі керек шығар. Осмийі бар сіріңке қорабының салмағы килограммнан асады. Алайда ол радиоактивті емес.
Осмий нарығын қалыптастырған және осы металды экспорттаушы технологиялық өркениеттің дамуына ықпал еткен Қазақстан болды. Бұрын осмий қорытпасынан эксклюзивті сағаттар мен қаламдар ғана жасалатын, ал оны тұтыну шамалы болатын. Қазір бұл салада сұраныс артты. Болашақта осмий, литий және оттегіден ультра қуатты кванттық компьютерлер шығару жоспарланып жатыр.
Қазақстаннан басқа АҚШ, Аустралия, Колумбия және Канадада осмий кен орындары бар, бірақ оны тек Қазақстан ғана экспорттайды. Осмийді өндіру мемлекеттік монополия. Сондықтан, әлемдегі ең қымбат металды сатудан түскен барлық кірістер ел қазынасына аударылады.
Осмий-187 аэроғарыш саласында, ракета жасауда, қазіргі заманғы технологиялар мен көптеген дәрілік препараттарды синтездеу кезінде пайдаланылады.
Айта кетейік, осмий-187 металдан қымбат тек тааффеит, тритий, алмас, калифорний сынды сирек кездесетін металдар.
А. ОралқызыТааффеиттің бір граммы 20 000 доллар, тритийдің бір граммы 30 мың доллар, алмастың бір граммы 55 мың доллар, ал калифорнийдың граммы 25-27 миллион доллар тұрады.