Қазақ студенттері Google қызметтерін жиі қолдана ма?

Ғаламтор қызметтерінің ішіндегі ең қолайлыларын бізге Google корпорациясы ұсынып отырғаны белгілі. Ал біз, қазақтың студенттері, қызметтердің барлығын қажетімізге жаратамыз ба? Мысалы, қытайлық білімгерлер оның орташа есеппен 35 пайызын ғана керегіне жаратса, американдық білімгерлер 52 пайызды құрайды екен.

Google-дің ең белгілі қызмет түрлері:

- Search (Іздеу)

- Youtube (Видеохостинг)

- Gmail (Пошта)

- Calendar (Күнтізбе)

- Chrome (Іздеу)

- Android (Мобильді қызмет)

- Play (ойын қызметі)

Voice (дыбыстық хабарлама)

- Google+ (Өзге де қызметтер)

Мысалы қарапайым бір күнімізді алып көрейік. Таңертең оянған кезде (android «ояту қызметі»), хабарламаларды тексергенде (Gmail), ғаламтордағы браузерді ашқанда (chrome), қызық видеоларды көрген кезде (YouTube), универдегі сабақтарымыз туралы ақпараттарды іздегенде (search), дыбыстық хабарлама жібергенде (Voice), яғни күнделікті өміріміздің әр сәтінде қолданып жүр екенбіз. Мен сіздерге бір күннің басталуын ғана айтып өттім. Дегенмен, Google-дің одан да өзге біз білмейтін қызметтері көп екен. Сонымен, біз қаншалықты Google қызметтерін қолданамыз? Сіздіңше қалай?

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: chinadaily.com.cn