Америкалық зерттеушілер ерекше тәжірибе жасап, қай жастағы жүргізушілер ең көп ереже бұзатынын анықтады. Тәжірибеге 18 бен 59 жас аралығындағы автокөлік жүргізушілері қатысқан.
Тәжірибе қорытындысы бойынша, егде тартқан адамдар жол ережесін көп бұзады екен. Нәтижесінде 45 пен 59 жас аралығын жүргізушілер үшін ең қауіпті кезең санаған. Себебі бұл жас аралығында жүргізушілер жол ережесіне салғырт қарап, күту мен жол беруде сабырсыздық танытады екен.
Ең тәртіпті көлік жүргізушілері жастар болып шыққан. 18 бен 24 жас аралығындағы жүргізушілер жол ережесін берік ұстанып, жолаушыларын алаңдатпайды екен.
Ал сіз бұл тәжірибе қорытындысымен келісесіз бе?