Интернет қолданушыларының саны көбейіп келеді. Қазір әлемде 3 миллиард адамның ғаламторды пайдалануға мүмкіндігі бар екен. Бұны БҰҰ Халықаралық Байланыспен Қамту Ұйымы айтты.
Есеп бойынша, осы жылдағы көрсеткіш өткен жылғыдан 6,6%-ға өскен. Ғаламторға кіруге мүмкіндігі жоқ Жер тұрғындарының 90%-ы дамушы елдерде тұратын болып шықты. Бұл тек технологиясы дамыған елдердің азаматтары ғана интернетке кіре алатынын білдіреді.
Ұйым алдағы бес жылда тағы 1,5 миллиард адамды интернетке қосуды жоспарлап отыр. Оларға Google, Bing, Facebook, SpaceX, Yahoo және Baidu ғаламдық интернет алыптары көмектеседі.
Сурет: www.econanosil.com