Ақпарат пен технологияның заманы болғаннан кейін болып жатқан әрбір әрекеттер мен құбылыстар тікелей компьютерге байланысты болады. Соның бірі компьютердегі вирустар. Олар күн сайын пайда болып жойылып отырады. Күніне компьютерлік бағдарламаларды құртып жіберетін, ісін тоқтатып тастайтын «цифрлі аурулардың» әлемде мыңдаған түрі бар.
Жақында ғана желіде «ZIP-бомб» деп аталатын вирус пайда болды. Таң қалатын ештеңесі жоқ, себебі бұл вирус бұған дейін де болған. «42.zip» бұл вирус сіздерге таныс болар. Дәл осы аталған вирус қайтадан желіде пайда болып қана қоймай, «мәңгі өлмейтін мұрағат» атын алды. Вирус 4,5 килобайт. Ал қайта туған вирус 4,5 петабайтқа жетіп отыр. Бұл мүмкін бе? Барлығы мұрағат алгоритмі мен ақпараттар генерациясының қуылғы.
IT саласы мамандары былай дейді:
«Вирус ішінде бес қабатты мұрағат бар. Әр мұрағат ішінде он алты мұрағаттан. Ал соңғы есептеу бойынша әрбір мұрағаттың салмағы – 4,3гигабайт. Көптеген антивирустар бұл вирустың қауіпті екенін алыстан аңғаратын болды. Бірақ шамалары келмей жатыр».
Құрметті оқырман, ескертеміз. Егер сізге сырттан архив түріндегі құжаттар келсе, немесе «42.zip» белгіленген сілтеме не ақпарат келсе оның ішіне кіріп, құжаттарды ашудың қажеті жоқ. Тіпті жоламаңыз. Себебі вирус мұндай салмақпен комьютеріңізді құртып, осы уақытқа дейін сақтаған еңбектеріңізді өшіріп тастауы әбден мүмкін.