- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Жапонияда әлемдегі ең...
Жапонияда әлемдегі ең тез лифт жасалды
Жапонияда әлемдегі ең тез жылдамдықта жүретін лифт жасалды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Лифт өндіру саласында даңқы бар Рыли компаниясы сағатына 72 шақырымдық жылдамдықпен жүре алатын лифт жасап шыққан.
Өндіруші кәсіпорынның жауапты қызметкерінің айтуынша, осыдан бұрын әлемдегі ең тез лифт Тайванда болған екен. Ол сағатына 60,6 шақырымдық жылдамдықпен жүре алады. "Бұл лифт біз айтып өткен Тайвандағы лифттің негізінде жасалды. 95 қабаттық биік ғимаратқа 43 секундта шығуға болады",- дейді компания қызметкері.
Лифтке кірген адамның жоғары жылдамдық барысында туылатын физиологиялық жайсыздығын жою үшін, адамды рахаттану сезіміне бөлеу үшін лифттің ішіне сілкіністен сақтану құрылғысын орнатқан. Ғимаратқа күш түсірмеу үшін лифттің арқанының салмағы да бұрынғыдан 30%-ға жеңілдеген.
Әлемдегі ең тез лифт алғаш рет Қытайдың Гуаңжоу қаласындағы биіктігі 530 метрлік, 111 қабаттан тұратын ғимаратқа қолданылмақшы екен. Экономикасының тез қарқында дамуына ілесіп Қытай мемлекетінің лифтке деген сұранысы да күн сайын артып отыр. "Әлемнің лифт нарығының 60% базары Қытайда, сондықтан әлемдегі лифт өндіретін алпауыт компаниялар осы нарықты жаулау үшін жанталасуда",- дейді мамандар.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: ntv.ru
M. Auelkhan