Жапондар ғарышқа көтерілетін лифт жасап жатыр

Жапондар ғарышқа көтерілетін лифт жасап жатыр

Ғылыми фантастика шындыққа айналғалы жатыр. Жапонияның Obayashi компаниясы ғарыштық жеделсатылардың құрылысына кірісетінін жариялады. Лифт 2050 жылға таман қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Егер бұл жоба іске асатын болса, ғарыштық зымырандарды ұшырып шығынға батудың қажеті шамалы болып қалады – әлемдік экономикада жаңа төңкеріс болады.

Компания баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, алып құрылыс жобасының негізгі қаңқасы жасалып біткен. Оның ғарыш кеңістігіндегі ұзындығы 96 мың шақырымға созылмақ. Адамдар мен жүктерді ғарышқа құлтемірлер (роботтар) тасымалдайтын болады. Бағыттың негізгі аялдамалары орбитада құрылады. Жол ақысын білгіңіз келсе – заманауи зымыраннан әлдеқайда арзан болары анық. Жолды бір бағытта толық жүріп өту уақыты бір аптаға созылады.

а

Әзірге жоба ретінде тұрған жеделсатының құрылысына оттекті наноматериал қолданылмақ. Оттекті наноматериал болаттан жасалған тростардан жүз есе төзімді. Жоспар бойынша, жаңа технологияның көмегімен наноқұбырлар жасалып, 2030 жылдың орта шеніне қарай барлық шикізаттар дайын болады.

ап

Жапонияның бірқатар университеттері осы жоба аясында тәжірибе жұмыстарымен айналысып келеді. Айта кетсек, Канагава университетінің инженерлері жеделкөліктерді құрастыруға тырысып жатыр. Сондай-ақ, жеделсатының магниттік қуатын өндірудің жолын ізестіруде екен.

а

Ғалымдардың айтуынша, ғарыштық жеделсатылар іске қосылғаннан кейін бүкіл әлем ғарышқа зымырандарды ұшырудан бас тартады. Себебі, қазіргі кезде ғарышқа бір келі затты алып шығу үшін 22 мың АҚШ доллары жұмсалады. Ал ғарыштық жеделсаты арқылы бір келі жүкті ғарышқа шығару үшін небары 200 АҚШ доллары жеткілікті.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: nauka.gadzetomania.pl

Ж. Өрісбай