Жапонияның Ритсумейкан (Киото) университетінің психология профессоры Акиоши Китаока Twitter желісіндегі парақшасында жариялаған суретімен Интернет қолданушыларын біраз ойландырды. Психолог ақ және қара түсті шаршылар бейнеленген суреттен оның жасырын портретін табуды сұрады. Психологтың айтуынша, бұл тапсырманы адамдардың 10 пайызы ғана орындай алады.
Кейінірек жұмбақ авторы Интернет қолданушыларына көмек береді. Ол суретке алыстан немесе жоғары-төмен қарасаң, адамның портретін көруге болатынын айтқан.
Сондай-ақ, қолданушылардың көбісі суретке смартфоннан қараса, адамның портретін көру жеңілірек екенін айтып өтті. Осылайша, пікір қалдырушылардың бірі профессордың портреті қай жерде жасырынып тұрғанынын көрсете алған.
Дереккөз: Қаз Тенгриньюс