- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Жалған аккаунттардың пайдасы...
Жалған аккаунттардың пайдасы мен зияны
Көп жағдайда жалған аккаунт пайдаланушыларды әлеуметтік желінің: Инстаграм, Фейсбук, Вконтакте сияқты түрлерінен кездестіре аламыз. Әлеуметтік желі қолданушыларының көпшілігі не себепті жалған аккаунттарды пайдаланатынын және оның пайдасы мен зияны туралы ақпараттармен BG group холдингінің программисі Мақсат Батырғұл бөлісті.
— Көп жағдайдаәлеуметтік желі пайдаланушылары жалған аккаунтты екі түрлі себеппен қолданады.
Біріншіден, екінші бір әлеуметтік желі қолданушының аккаунтын бақылағың келсе және оның бұл жағдайдан хабардар болғанын қаламасаң, жалған аккаунт ашып, сол арқылы бақылауға болады. Әрине, бұның еш зияны жоқ.
Екіншіден, Маркетинг, PR, Жарнама саласында жалған аккаунттардың мысы басымырақ болады. Себебі, жалған оқырман санын көтеру үшін, оқырмандар санына мыңдаған ботты қосып беретін арнайы сервистер бар. Қазіргі таңда кез келген әлеуметтік желідегі оқырман саны 10-20 мыңнан асатын қолданушының лүпіл санына назар аударсаң тым аз нәтижені көрсетеді. Шамамен алғанда 50-60 лүпіл жинайды. Бұның барлығы оқырман құрамының жалған аккаунттардан тұратынын көрсетеді. Оған қоса, бірнеше жалған аккаунт ашып, белгілі аккаунтқа пікір қалдырып, лүпіл басып, статистикасын көтеретіндер де жоқ емес, — деді Мақсат Батырғұл.
Оның айтуынша, Facebook компаниясының басты ұстанымдарының бірі — қолданушылар туралы мәліметтерді құпияда ұстау. Яғни, егер де сіз саяси көзқарасыңызды немесе жеке ой-пікіріңізді айтуға жасқансаңыз, жалған аккаунттар арқылы жеткізуге мүмкіндігіңіз бар.
А. Шопанова