- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Жабысқақ таспа қалай...
Жабысқақ таспа қалай пайда болды?
Бұл ойлап шығарылған дүниені қазіргі уақытта барлық адам баласы пайдаланады десек қателеспейміз. Қолданыста жүрген осы бір "Скотч" атауымен көпке танымал болған заттың қалай пайда болғаны көпке қызық екендігі рас. 1923 жылы егеуқұм қағаз өнеркәсібінде жұмыс жасайтын Дрю Ричард есімді азамат осы бір жабысқақ таспаның пайда болуына себепші болған.
Егеуқұм қағаздарын сататын дүкеннің басшылығы Дрю Ричардқа сауданың жайын бағамдап отыруды тапсырады. Күндердің бір күнінде жас маман автокөлік жасайтын орынға барып, жөндеудегі көліктердің дұрыс формада жасалып жатқандығына назар аударады. Сөйтіп, бұл қиындықтың шешімін табуға уәде береді. Ең алғаш екі жағы да желімді 5 см-лік қағаз ойлап шағарады. Алайда, мұның ұзақ уақыт сақталмауынан жаңа дүниенің ғұмыры да қысқа болады. Кейіннен барлық жағын жақсы қарастырып, іске кірісер мезетте өнертапқышқа демеуші болар жан табылмайды. Алғашқы сәтсіздіктен кейін мұның қолынан тағы да оңған дүние шығады дегенге сенушілер тобы мүлде аз болады. Араға 7 жыл салып Дрю Ричард өзінің сол бір ескі идеясын іске асыру барысында жұмыс жасай бастайды. Сонымен 1930 жылдың 8 қыркүйегінде ең алғаш шыққан жабысқақ таспа көпке бірден ұнай кетеді. Шығыны аз, пайдасы мол затқа ең алғаш Чикаго қаласынан үлкен сұраныс түседі. Кейіннен оның орасан зор мүмкіндікке ие екендігін байқаған өзге мемлекеттер де өз еліне қарай экспорттап алуға кіріседі.
Бүгінгі таңда атауы әлі де өзгермеген жабысқақ таспа "скотч" әрбір үйдің кәдесіне жарауда. Ең алғашқы түпнұсқамен жасалынатын дүниенің әлі де ұзақ жылдарға дейін көмегі тиетініне ешкім шүбә келтірмейді.
B. ZHAQSYMBET