Италияның «Caviar» зергерлік бренді ерекше үлгідегі алтынмен апталған кезекті смартфонын Қазақстанның құрметіне арнап шығарды. Бес-ақ дана болып жасалған смартфонның алғашқы сатып алушыларының бірі - Лондон Олимпиадасында топ жарған Серік Сәпиев болды.
Италиялық компания бағалы смартфондар жасап шығаруымен танымал. Өтімді тақырыптарда жасаған дүниелерін жарыққа шығарып келеді. Оған сұраныстың да жоғары екені белгілі. Қазақстан құрметіне арнайы жасалған «iPhone Caviar Kazakistan» смартфоны көз тартарлық әдемі. Айта кетелік, көпшілік смартфон сыртында «Kazakhstan» сөзінің қате жазылғанын айтып жүр. Кейбіреулер мұны италиялықтардың тілінің ережесімен алғанда дұрыс деген пікір айтуда.
«Caviar Kazakistan» смартфонында елордамыз Астанадағы Бәйтерек пен Пирамида кешені, ою-өрнектер мен алтын күннің астында қалқыған қыранның бейнесі бейнеленген. Алтынмен апталған бағалы дүние Apple компаниясының соңғы шығарған iPhone 5s смартфоны. Құны – 790 000 теңгеге бағаланып отыр екен. Алғашқылардың бірі болып 2005 және 2007 жылдары әлем чемпионы атанған, 2012 жылы Лондонда Әнұранымызды шарықтатқан Серік Сәпиев бағалы смартфонның иесі атанды.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: zakon.kz