- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- iPhone 6s тұтынушылар...
iPhone 6s тұтынушылар көңілінен шықты ма?
Әдетте жаңа iPhone-ды сатып алуға асыққандар зауыттан жарамсыз болып келген смартфонға тап болады. Нәтижесінде Apple корпорациясына iPhone 6s пен iPhone 6s Plus смартфондарын бірінші болып сатып алғандар тарапынан жыл сайын шағымдар түсе бастады. Биылғы шағым негізгі төрт ақау бойынша түскен. Егер жаңа iPhone сатып алуды жоспарлаған болсаңыз, мынадай техникалық ақауларды ескеріңіз.
Touch ID
Кейбір қолданушылар смартфонның бармақ ізін сканерлейтін негізгі батырмасының қызып кететініне шағымданған. Ол үшін iPhone-ды өшіріп, қайта қосу керек.
Өшіру
iPhone 6s смартфонының қуаты толып тұрса да, өзінен-өзі өшіп қалатын ақауы бар. Содан соң, әдеттегідей, автоматты түрде қайта қосылады.
Динамика
Қалыпты жағдайда iPhone 6s смартфонынан шығатын дыбыс тым жоғары болады. Ал кейде смартфон динамикасының дыбысты ұлғайту немесе төмендету батырмалары ауысып кетеді.
Apple компаниясының биыл ғана таныстырған технологиясының ақаусыз шығуы мүмкін емес. Кейбір қосымшаларды 3D Touch функциясымен ашқан кезде ақпараттық бағдар ауысып кетеді. Нақтырақ айтсақ, функцияның көмегімен берілген бағдар бұрыс нәтиже береді.
Естеріңізге сала кетсек, iPhone 6s пен iPhone 6s Plus смартфондары әлемнің дамыған 12 елінде осыдан бір апта бұрын сатылымға шықты. Осы уақыт барысында тұтынушылар тарапынан түскен шағымдар әзірге осы. Apple корпорациясы ақауларды ескеріп, жылдам түзеуге әрекет ететініне үміт артамыз.
Ж. Өрісбай