- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Интернет терминдерін дұрыс...
Интернет терминдерін дұрыс пайдаланып жүрсіз бе?
Интернет ағымы кеңінен танылып, қанатын жайған сайын терминдер қатары көбейіп келеді. Бұл – түрлі жаңалық ашушылардың ұсынған ұсыныстары. Ал біз осы терминдерді дұрыс қолданып жүрміз бе? Арамызда "менің жеке сайтым бар" деп "Вконтакте" желісіндегі өзінің парақшасын айтып жататын көреміз. "Мақала жаздым" деп "пос" қана жазылған дүниелерді көреміз. Ал олардың негізгі мән қандай?
Сайт немесе веб сайт (ағылшынша Website: Web - тор, желi және site - орын, желiдегi орын, сегмент) – бiр мекенжайға (домен атымен немесе IP - мекенжаймен) бiрiктірілген компьютер желiсiндегi жеке тұлғаның немесе ұйымдары электрондық құжаттар (файлдар) жиынтығы. Ғаламтор желісінің негізін құрайтын барлық сайттар болып табылады. Сервердегі сайтқа қолданушының бірден қол жеткізуі үшін арнайы HTTP хаттамасы жасалған. Сайт - домен, хостинг және қозғалтқыштан (cms) тұрады.
Парақша (страница) – әлеуметтік желідегі қолданушының жеке өзіне тән құқылы орны. Мәселен "vk.com", "facebook", "instagram" әлеуметтік желілерінде әрбір адамның өзінің құпия сөзімен құлыпталған, құқығы сақтаулы, жазып-сызуға, сурет салу, видео жүктеуге арналған парақшасы болады.
Аккаунт (ағылшын account – "есеп жазбасы") – сервердің мәлімет базасында сақталатын келушінің теңестіру (идентефикациялық) нөмірі. Аккаунт – ол келушінің бір компьютерлік желіге өзі жайлы мәліметтерді толтыратын есеп жазба. Есеп жазба бір жүйеге тіркелу үшін толтырылады және келесідей анкеталық мәліметтерді толтыруды қажет етеді:
- тіркелушінің аты,
- кілті,
- аты, тегі, әкесінің аты,
- жынысы,
- электрондық пошта (e-mail),
- лезде хат алмасу жүйелердегі есеп жазба мәліметтері,
- фотографиясы немесе аватары және т.б.
Сілтеме (ссылка; the reference, link) – 1) қандай да бір объектіге арналған нұсқағыш; 2) тілдің сипатталған элементін белгілеуге пайдаланылатын тілдік құрылма; 3) хабарланған объектіні ұқсастыру.
Ілмек сөздер (тег) – ілмек сөздер немесе тег деп ізденуші жаққа арналған белгілі бір сөздер қатары. Мәселен өзіңізге керек ақпаратты іздеу кезінде сіз жазатын тұрақты сөздер қатары. Ілмек сөздер арқылы ақпаратты тез әрі нақты табуға болады.
Хэштег (#) – ілмек сөздің орнына қолдануға болатын таңба. Хэштегті белгілеп жазу арқылы сіз өзі ақпаратыңыздың көп оқылуына жол ашасыз. Сонымен қатар таңба арқылы бірнеше ақпараттар қатарын оқуға болады. Себебі бәрінде бір тақырыптағы хэштег қолданылып, жазылатын ақпараттар түрлі болуы мүмкін. Яғни жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік туады.
Пост. Қазіргі кезде әлеуметтік желідегі әрбір жазылған қысқа әрі ұзақ еңбектердің бәрі мақала деп есептелмейді. Себебі мақаланың өзіне тән талабы бар. Ал «пост» деп отырғанымыз, ойыңызды жеткізуге кеткен бірнеше сөйлемдер немесе белгілі бір ақпарат беруге арналған толық емес мақала бөлшегі ғана.
М. Ақан