- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Intel компаниясының табысы...
Intel компаниясының табысы артты
Intel компаниясы 2014 жылдың екінші тоқсанына арналған болжамын өзгертіп отыр. Оған себеп – компания тұтынушылары арасында дербес компьютерлерге деген сұраныстың көптеп артуы. Соның арқасында компания бастапқыда жоспарланған $13,0 млрд ±$500 миллион табыстың көрсеткішін $13,7 млрд ±$300 млн дейін ұлғайтпақ. Компанияның II тоқсандағы жалпы табысқа қатысты болжамы 64% ±1-2 пайыздық үлес болып, яғни өткен бастапқы күтілімнен 1 пайызға көп болып отыр. Компания бұл өсімді ЖК сатылымының артуымен түсіндірді.
Ал зерттеу, құрастыру, маркетинг және басқару сияқты қызметтерге жұмсалатын шығындар II тоқсанда $4,9 миллиард көлемінде болып, яғни осыған дейінгі болжамға қарағанда ($4,8 млрд) $100 миллионға көбейді. Шығындардың артуы кіріс пен шығыстың мөлшеріне тәуелді кейбір өнімдерге байланысты орын алды. Сондай-ақ салым төлемі алғашқыдай 27 емес 28% деңгейінде болады деп күтіліп отыр.
Intel корпорациясы – инновациялық жартылай өткізгіш компоненттерді өндірумен айналысатын әлемдік көшбасшы. Компания адамдар өмірінің деңгейін көтеріп, олардың жұмыстарын жетілдіруге бағытталған технологияларды, өнімдерді және бастамаларды жүзеге асырады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: ©Intel
Б. Қосмағамбет