Instagram-дағы суретті қалай сақтап аламыз?

Instagram-дағы суретті қалай сақтап аламыз?
Фото: www.unileadnetwork.com

Instagram – фотосуреттерімізді достарымызбен бөлісіп, оларға пікір жазып, бағалауға арналған, әлем бойынша кең танылған сервис. Инстаграмды жаңадан қолданушылар жарияланған суреттерді өз құрылғысына қалай сақтауды білмей жатады.

Егер компьютер не ноутбуктың Windows жүйесі арқылы сақтап алғыңыз келсе, төмендегі әрекеттерді орындауыңызға болады. Алдымен Инстаграмдағы сақтап алғыңыз келетін аккаунт иесінің парақшасына кіріп, қажетті суретті тауып аласыз. Сіздерге Google Chrome браузері арқылы сақтайтын нұсқасын көрсетеміз. Қажетті суретімізге барып, үстінен басамыз. «Ctrl» + «U» пернелерін шертеміз немесе тінтуірдің сол жағын басып, «Просмотр кода элемента» операциясын таңдауымызға болады.

Ашылған терезеден https://igcdn-photos-c-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xaf1/t51.2885-15/11241390_578523188955874-_2092699665_n.jpg сияқты сілтемесін көшіріп алып, жаңа парақша (вкладка) ашып, мекенжай жазатын жерге көшіреміз. Қажетті суретіміз жаңа парақта ашылды, тінтуірдің сол жағын басып, әдеттегідей «Сохранить картинку как» деп сақтап алу ғана қалды.


Ал егер Инстаграмдағы фотосуреттерді телефон не планшетіңізге сақтап алғыңыз келсе, арнайы InstaSave бағдарламасын жүктеп алуыңызға тура келеді. Бұл бағдарлама бір уақытта бірнеше суретті жүктеуге мүмкіндік береді.

Ал сіздер тағы да қандай тәсілдерді білесіздер?

@. @assel_assanova