- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- iOS жүйесінің мүмкіндіктері...
iOS жүйесінің мүмкіндіктері туралы не білесіз?
iOS жүйесі барынша ыңғайлы, бірақ біз сіздерге оны тағы да басқа қырларынан танытатын боламыз.
YouTube-тен фондық режимде әуен тыңдау. iOS 7-ден тек қана аудиостриминг қызметі мен музыкалық плеерде ғана емес, YouTube-тен фондық режимде де әуен тыңдауға болады. Браузерді ашып, youtube.com мекенжайын көрсетеміз, композицияны қосамыз. Home батырмасы арқылы ол браузерді жиырып (свернуть), Safari браузерін ашамыз. Әдеттегідей әуен тоқтайды. Енді «центр управления» арқылы фондық режимде тыңдай берсек болады. Басқару мәзірін экранның төмен жағына түсірсек болды. Өкінішке орай, бұл кеңес YouTube бағдарламасына жарамайды.
Телефоныңызға қоңырау келгендегі стандартты әуендер жалықтырып жіберсе, келесі кеңесімізге құлақ түріңіз. Қоңырауға қоятын әуенді арнайы қосымшаға кіріп сатып алудың не жүктеп алудың қажеті жоқ. Компьютерден iTunes бағдарламасында MP3-файлдарыңызды импорттаңыз. Сүйікті композицияңызға барып, тінтуірдің оң жағын басасыз, «Сведения» мәзірін таңдайсыз. Тректің ұзақтығы 30 секундтан аспайтын болуы тиіс, сондықтан «Параметры» бетінен композицияның басталу мен аяқталу уақытын белгілеп, қиып, «ОК» батырмасын басамыз.
Рингтонды өзгерту үшін iTunes бағдарламасының мәтіндік файлдар мәзіріне барамыз. «Создать версию в формате AAC» операциясын таңдаймыз. Windows жүйесінің мәтіндік мәзірінен жаңа файлдарды табамыз, олардың өрісін M4R-ге ұлғайтамыз. Тректі iTunes терезесіне жылжытып орналастырамыз, iPhone мен компьютердің байланысын орнатамыз. iTunes бағдарламасында «Звуки» терезесін ашамыз, «Синхронизировать звуки» және «Синхронизировать» қызметтерін қосамыз. Жаңа композицияларды мәзір астындағы «Настройки | Звуки» жақтаушасынан таба аламыз.
Мәзірді және iOS 7-ні ыммен басқару ыңғайлы. Мәзірдің соңғы пунктіне бару үшін, саусақты экранның сол жағына қою жеткілікті. Саусақты оң жағына (мысалы, браузерге) қою арқылы бір қадам жылжуыңызға болады. iPad-та жестпен не төрт саусақ арқылы шашылған қолданбаларды жинақтауға не барлығын экрнаға шығарып қоюға болады.
iOS-тың Home батырмасының тағы бір ерекшелігі бар. «Настройки | Основные | Универсальный доступ | Сочетания клавиш» операцияларын орындау арқылы барлық түстерді инверттеуге болады. Бұл қараңғыда да оқуға, түстерді басқаруға ыңғайлы.
Қосымша (приложение) жасайтын бөгде адамдардың кедергісіне тосқауыл қоюға болады. «Настройки | Приватность | Право доступа» операциясын орындасаңыз, сізге артық жарнамалық хабарламалар кедергі келтіре алмайтын болады. Беймаза ұсыныстардан арылу үшін «Настройки | Приватность» мәзірін соңына дейін бұрап, «Реклама | Ограничить трекинг рекламы» қызметін іске қосыңыз.
Қауіпсіздікті арттыратын кеңес. Құпия сөздерді ыңғайлырақ қолдану «Cвязка ключей iCloud» деп аталады. Барлық құпия сөздеріңізді, кредиттік карта нөмірлеріңізді «көкте» сақатағыңыз келсе, «Настройки | iCloud | Связки ключей» қызметін іске қосып қойыңыз. Ол тек сіздің құрылғыңызда ғана қол жетімді болады.
Ұқсас жазбалар:
Қызықты қосымшалар: iBooks - кітап оқуға арналған қосымшасы (iOS үшін)
Apple iOS қолданушыларына арналған әлеуметтік желі шығарады
@. @assel_assanova