HTC бренді қанша тұрады?

HTC бренді қанша тұрады?
Фото: www.winbeta.org

Әлемнің техно нарығы үнемі өзгеріп отырады. Мысалы, бүгін негізгі үлескер болып отырған компания ертең құнсызданып кетуі бек мүмкін. Бүгінде  тайуаньдық HTC компаниясы осы күрделі сыни жағдайға түскен.

Негізгі табысы смартфондар нарығында болған HTC қаржы дағдарысынан шыға алмай жатыр. Соңғы кварталдық есебіне көз жүгіртсек, мүлде кіріс кірмеген. Керісінше шығыны 252 миллион АҚШ долларына жеткен. Одан бөлек, тайуаньдық смартфон өндірушісінің биржадағы акциялар бағасы 2004 жылғы көрсеткішке (бір акция құны – $2,21) түсіп кеткен. Одан қалмай, тағы да төмендеп келеді. Мұның бәрі компанияның нарықтағы құнына әсер етеді.

Ресми түрде берілген мәліметке орай, HTC компаниясының нарықтық бағасы 47 миллиард тайуань долларына (шамамен, 1,5 миллиард АҚШ доллары) дейін төмендеген. Расында мұндай қаржы тоқырауынан кейін бұл брендке инвестордың қайта қызығушылық танытуы қиын. Тіпті компанияның зауыт, кеңсе ғимараттары мен нарықтағы өнімі сынды активтері салымшыларды қайтара алмайды.

Айта кетелік, HTC – тек смартфон құрастыратын бір салалы компания. Оның нарықтағы негізгі өнімі HTC One M9 смартфоны бәсекелестікке төтеп бере алмай, оның нарықтағы сұранысы төмендеп кеткен. Енді компания қайта көтерілу үшін артық шығындарды қысқартып, инвестиция тарту керек болады. 

Ж. Өрісбай