Зерттеулер мен тәжірибе нәтижелері түрлі жағдайларға алып келеді. Солардың бірі жаппай халық арасына тараған, ХХІ ғасырдың басты жаңалығы болып саналатын смартфондар. Сіз іштей көш басында «Apple» компаниясының өнімдері тұр деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ смартфон жағынан келгенде бұл мүлде басқа бағытқа бұрылып кетті.
2017 жылы мамыр айы бойынша нарықтағы бағасы мен сатылымы жағынан ең үздік смартфон ретінде HTC U 11 рекорд орнатқан. Бірақ, өкінішке орай, маусым айы қалай басталды, солай қытайдың смарфтон өндіретін басқа компаниясы бұл көрсеткішті өзі иемденді.
Бұл жолы бірінші орынға OnePlus 5 смартфоны шықты. Зерттеушілер бұл смартфонды түрлі деңгейдегі сынақтардан өткізе келіп, ең жоғары баға берген. Аталған өнім базардағы сынақ нәтижесінде ең жоғары көрсеткішке жетті. 181 879 ұпай жинаған OnePlus 5 дәл қазір әлемдегі ең сапалы, ең ыңғайлы, ең қолайлы смартфон болып тұр.
Ал екінші орында Nubia Z17 смартфоны тұр. Ал сіз бен біз күтіп отырған Galaxy S8+ пен Iphone 7 смартфондары төртінші, бесінші орындарды қанағат тұтты.