Нарықта ешбір өнімге дес бермей жүрген Google Glass смарт-көзілдірігіне бәсекелес табылды. Ол – жапониялық Sony компаниясы.
Олар кез келген көзілдірікті "ақылды" гаджетке айналдыра алатын құрылғы жасады. Жаңа өнім көзілідірікке мынадай ерекшеліктер бере алады:
- көзілдірікті оңай шешуге болады (Google өнімін шешу оңай емес).
- Sony өнімінің салмағы жеңілірек.
- Ол OLED негізіндегі дисплей мен оптикалық блогтан тұрады.
- Бұл компоненттер кескіннің сапалы болуын қадағалайды.
Корпусына процессор, сенсорлы дисплей, басқару тетігі, Wi-Fi таратқышы мен Bluetooth орнатылған. Девайс менеджер, спортшы немесе қызыққұмар жандарға пайдалы.
Әзірге Sony жаңа өнімге қатысты толық ақпарат беруге асықпай отыр. Құрастырушы инженерлер смарт модульді CES 2015 халықаралық көрмесінде таныстырады. Көрме қаңтар айының басында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.
Сурет: www.digitaltrends.com