Google жасырын линза өндіре бастады

Google жасырын линза өндіре бастады

Google компаниясы АҚШ патент құқығы мекемесіне жаңа өнімнің патенті жайлы өтінішін тапсырды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олардың бұл патенттік өнімінде микро типтегі камера көзілдіріктің ішкі бөліміне орналастырылған. Бейне камераның суретке түсіру, көру қуаты әлсіреген адамдарға жол бастау және бейнебақылауды жүзеге асыру рөлі бар.

Бұл өнім бір қарағанда бейнекамераны линзаның ішіне орналастыру сияқтанып көрінгенімен, қарапайым адамдарға лайықтап істеуге мүмкіндігіміз бар, сонымен бірге кері әсері пайда болса да адамдардың одан бас тарту мүмкіндігі аз дейді өндірушілер. Бірақ, обсессивтілігі бар адамдарға оны қолданбауға кеңес берген мамандар: "Ондай адамдар өз-өздерін тоқтата алмай кірпігін тоқтаусыз қаға беруі мүмкін",-дейді.

Google компаниясы бұдан бұрын да бір топ жасырын линза өндірген-ді. Ол өнімдер диабет ауруымен ауыратын адамдардың қандағы қант құрамын анықтауға көмектесіп, дәрігерлердің емдеуіне қолайлылық жасаған еді. Бұл патент жүзеге асса жаңа жүйе медицина саласына да көмегін тигізуі мүмкін. Мысалы, көру қуаты әлсіз адамдар жөнінен айтқанда бұл жасырын көзілдірік жол бастауға жарап жатыр.

Google компаниясы мұндай өнімдерді патенттеуге үнемі өтініштер жасап тұрады. Бірақ, бұл өнімдердің барлығы дерлік қолданысқа шықпайды. Тек, тұрмысқа қажетті өнімге айналып, жалпылық сұранысқа ие болып жатса адамдар арасына тез тарап кетуі де ықтимал.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: sina.com

M. Auelkhan