- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Ғарышкерлер қанша жалақы...
Ғарышкерлер қанша жалақы алады?
NASA мен ресейлік ғарышкерлердің жалақысы қанша екені мәлім болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазіргі кестеге сәйкес, NASA ғарышкерлері ең жоғары жалақыны алу үшін GS-15 федералды қызметкерлерінің категориясына үміткер бола алады, бұл әскери полковник немесе капитан атағына тең. Осы позициялардағы жылдық жалақы - шамамен 155 мың доллар (шамамен 13 мың доллар немесе айына 5 миллион теңге)", - деді РИА Новости тілшісіне бұрынғы NASA ғарышкері Скотт Келли.
Қолданыстағы ережеге сәйкес, NASA ғарышкерлерінің қатарына қосылған әскери қызметкер өз жұмысында қалады, олардың жалақысы қорғаныс ведомствосының тәртібіне сәйкес есептеледі. Келлидің айтуынша, әскери қызметтегі астронавтардың айлығы сәл көбірек болады, өйткені олардың табысының бір бөлігіне салық салынбайды.
Жалақыдан бөлек ғарышкерлерге сауықтыру және демалыс айлығы беріледі, сонымен қатар, сақтандыру да бар, бірақ оның жарты құнын қызметкер өзі төлейді. Келлидің айтуынша, әскери астронавттардың артықшылығы бар: атап айтқанда, олардың зейнетақы төлеміне қатысты жағдайы неғұрлым тиімді. Ресейлік әріптестеріне қалағанда олардың жалақысы жерде немесе ғарышта жүргеніне байланысты емес, олар тек іссапар ақшасын алады.
"Известия" мәліметтері бойынша, ғарышкерлікке үміткер адамның жалақысы - 60,9 мың рубль (шамамен 361 мың теңге), ғарышкерде - 63,8 мың рубль (шамамен 378 мың теңге), ал ғарышкердің нұсқаушысы - 88,45 мың рубль (шамамен 524 мың теңге). Бұл қызметкерлер жұмысын жақсы орындаса, олар ай сайын жалақысының 25 пайызын қоса алуға мүмкіндігі бар.
Ғарышта болған ғарышкерлердің жалақысы айына 69,6 мың рубльге (413 мың теңге) дейін өседі. Бұдан басқа, олар ғарышқа ұшқаны үшін қосымша бір жолғы ақшалай сыйақы алады, бірақ "Ресей космосында" сомасы қанша екенін айтпады. Ол ұшу ұзақтығы мен күрделілігіне байланысты екен.
Қызметкер ғарышқа ұшқан сайын, жалақысы жоғарылайды. Бір рет ұшқаны үшін ғарышкер мен нұсқаушысы зейнетке шыққанға дейін айлық жалақыға - 55 пайыз, екі ұшқаны үшін - 75 пайыз, үш ұшқаны үшін және одан да көбіне - 120 пайыз беріледі, бұл - 153,1 мың рубль немесе 908 мың теңге. Ғарышкерлер істеген жұмыс уақытына қарай сіңірген еңбегі үшін де ай сайын үстемақы алады. Мысалы, жұмыс өтілі 2 жылдан 5 жылға дейін болғанда - 10 пайыз, 5 жылдан 10 жылға дейін - 15 пайыз, 10 жылдан 15 жылға дейін - 20 пайыз, 15 жылдан 20 жылға дейін - 25 пайыз, 20 жылдан 25 жылға дейін - 30 пайыз және 25 жылдан жоғары - 40 пайыз жалақыдан беріледі.
Н. Үсенова