Ғылымда қараңғы әрі тар кеңістікте қалудан туындайтын қорқынышты клаустрофобия деп атайды. Әркімнің жеке фобиясы бар. Тек кейбір жанның фобиясы тың идеяларының негізгі көзі болады. Мысалы, Джоан Роулингтің үрейін ұшыратын тар бөлмелер Гарридің тұрағына айналды.
CNN компаниясының журналисі Кристиан Аманпурға берген сұхбатында «Тар аймақта қамалып қалудан қорқамын. Сол қорқынышым Гарриді шоланға орналастырса керек. Осылайша қорқынышымды кейіпкерім арқылы жеңбек болдым»,– дейді жазушы.
Жазушының айтуынша дәл осы қорқынышы түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға мәжбүрлеген. Джоан Lumos ("Жарық") атты қайырымдылық ұйымын құрып, жетім мен тастанды балаларға қамқорлық көрсетеді. Қазір ұйым әлемнің 30-дан астам елінде жұмыс жасап жатыр.