Аяңдап жүру мидың ерте қартаюына алып келеді. Бұл туралы Солтүстік Каролинадағы Дьюка университетінің зерттеушілерінің мақаласы JAMA ғылыми журналында жарық көрген. Бұл туралы РИА новости сайты жариялады.
Зерттеуге Жаңа Зеландияның жүздеген адамы қатысқан. Зерттеу кезінде олардың жасы 45-те еді. Олардың денсаулығын 3 жасынан бастап қадағалаған екен.
Ұзақ жылдар бойы зерттеу бала кезінен зердесі мен моторикасы төмен балалар орта жаста баяу жүретінін анықтаған.
Сонымен қатар, 45 жасқа толғанда оларға МРТ жасаған. Зерттеу нәтижесі баяу жүретін адамдардың ми көлемі кішкене және бас ми қабығының жұқа екенін көрсеткен. Сондай-ақ, қан тамырларының да ауыратынын көрсеткен.
Ғалымдар мұның барлығы мидың ерте қартаюының белгісі дейді. Сонымен қатар зерттеушілер 7 адамнан зерттеуге қатысушылардың суретіне қарап, олардың жасын анықтауды сұраған. Онда баяу жүретін адамдар, тез жүретін адамдарға қарағанда суреттерде жасы үлкен болып көрінгенін айтады.