Флэш картаны тоңазытқышқа салсақ не болады?

Флэш картаны тоңазытқышқа салсақ не болады?
Фото: komp-az.info

USB FlashDrive аталатын заманауи флэшкалер жоғары сыйымдылығы, шағындығы, жылдам оқылуы, қолжетімді бағасы деген сияқты қасиеттерімен ақпарат тасушылар арасында көш бастап тұр. Флэш-жинақтаушыларды ұялы телефонда, компьютерде, фотоаппаратта, планшетте, тұрмыстық құралдарда, тіпті қол сағаттарында да қолдануға болады.

Флэш-драйв туралы не білеміз?

1. Флэш-жадының алғашқы нұсқасы 70 жылдардың басында әзірленіп шығарылды.

2. Қазіргі флэш карталар -30 °С-тан +80 °С-қа дейін шыдайды.

3. Егер флэшканы тоңазытқышта сақтасақ, ақпараттар сақтау мерзімі ұзара түседі.

4. Қалыпты температура жағдайында қолдансақ, флешка 10 жыл бойы қызмет көрсете алады.

5. 100 °С температурада флэшка толығымен істен шығады. Бұны флэш-жадын қарапайым ыстық суға салу арқылы тексеруге болады.

6. Флэш-тасымалдаушының ауқымы ақпараттарды қайта жазған сайын азая түседі. Оған күн сайын әртүрлі файлдарды көшіріп, кейін «форматировать» операциясын қайталап орындай берсеңіз, істен шығады да, 1500 жылдан кейін қалпына келеді.

7. Түпнұсқа флэш-карталар 10 мың рет форматтауға, ал көшірме нұсқасы шамамен мың рет форматтауға ғана жарайды.

8. 1 Гб-тық диск $1 құраса, дәл сондай флэш-жады $0.7 тең. Әлемдегі ең қымбат флэшка Швейцарияда зергерлік бұйым ретінде жасалған. Оған гауһар, зүбәржат, лағыл, жақұт тастар қолданылған.

9. Флэш-технологиясының басты сатылымы телефон, смартфон, коммуникатор, фотоаппарат, планшет т.б. қосымша құрылғылардан тұрады.

10. Заманауи флэш-тасымалдаушылардың көшірме нұсқалары қиындатылып, күрделендіріліп шығарылып жатыр. Көшірме флэшкалардың тек ескі нұсқалары ғана қалды.

 
@. @assel_assanova