Бүгінгі нарықта смарт-сағаттар сынды қосалқы құрылғылар сұранысқа ие болуда. Осындай мүмкіндікті жіберіп алмауды ұйғарған Pebble Time стартап-жобасы ақпан айының басында небәрі 40 минут ішінде $1 миллион қаржы жинаған болатын. Одан бері бір ай өтіп, краудфандингтік акция негізінде құрылған Pebble Time стартабы Kickstarter жобалары арасындағы ең жолы болғыш компания атанды.
Соңғы 30 күнде Pebble Time смарт-сағаттарының өндірісіне кез келген инвестордің қаржы салымын жасауға мүмкіндігі болды. Белгіленген уақытта стартап басшылары жалпы есеп бойынша 20 338 986 АҚШ долларын жинай алған. Бір сөзбен айтқанда стартап-компания қысқа мерзімде өзіне $20 миллион инвестиция тарта алды.
Естеріңізге сала кетсек, Pebble сағаттарының бірінші өнімінің де жолы болып, 10 266 845 АҚШ долларын жинаған болатын. Сол кезден бері үш жыл өтіп, нәтижені екі есеге арттыра алды.
Айта кетсек, 2014 жылдың желтоқсан айына дейінгі сараптамалық есеп бойынша, бірінші модельмен шыққан «ақылды» сағаттардың 1 миллион данасы сатылған. Бір қызығы, енді екі есе көп салым жинаған екінші модельдің қанша данасы нарықта сатылуы мүмкін? Ескере кетсек, қазіргі кезде Pebble Time смарт-сағаттарына 78 000 адам алдын ала тапсырыс беріп үлгерген. Тұтынушылар сағаттарын ағымдағы жылдың жазына қарай алатын болады.
Сурет: epic-hero.com
Ұқсас жазбалар:
Apple келесі жылы 50 млн смарт-сағат сатуды жоспарлап отыр
Apple мен Google қызығатын смарт сағат концепті
Apple Watch ең үздік «смарт-сағат» деп танылды
Adidas "ақылды" қол сағат ұсынды
Samsung өзінің жаңа смарт сағатын таныстырды