Мюнхенде өткен ISPO көрмесінде Eagle электронды самокаты таныстырылды. Аталған электронды самокаттың ерекшелігі ол жеңіл әрі жіңішке. Құрастырушылардың сөзінше, бұл жеңіл және жіңішке қуат көзімен жүретін самокат. Қуат көзінің сыйымдылығы 15 км жерге дейін жетеді, бірақ жол үстінде тағы бір батарейка салып қуаттау арқылы 30 км жерге дейін жетуге болады. Самокат 25 км/с жылдамдықпен қозғалады. Одан бөлек ол жолды өзі көрсетіп отырады және жолай сізге пайдала кеңестер беріп отырады. Рөлде орналасқан дисплей арқылы сол күнгі ауа-райын, жол жағдайын біліп отыруға болады. Егер телефонмен сөйлесу ыңғайсыз болса, алдыңғы экранға смартфонды байланыстыру арқылы кіріс-шығыс қоңырауларға жауап беруге болады. Электронды самокаттың ерекшелігі жеңіл деп айтып өткеніміздей, егер жолда қуаты таусылып қалса, қолға көтеріп жүру, сөмке ішіне сүңгітіп жіберуге болады. Ол сізге аурлық тудырмайды.