1873 жылдың бір күні еді. АҚШ ғалымы Белл тәжірибе жасап жатқанда ойда жоқта тоқ жолы жалғанғанда не үзілгенде бұрандалы тоқ сым орамынан болымсыз дыбыс шығатынын байқады. Ол: “Ауа жұқа пердені тербеп дыбыс шығарады екен. Олай болса, керісінше, жұқа перденің тербелісі арқылы адамның дауысын ұзаққа жеткізуге болар ма?” деген ойға келеді.
Белл осы ойының жебеуімен телефонды зерттеуге кіріседі. Ол сонау ит арқасы қияннан Вашингтонға келіп мамандардан жөн-жосық көрсетуін өтінеді. Көп өтпей жас техник Ватсон да Белдың зерттеу қызметіне атсалысады. Олар өздерінің тәжірибе орнында өмір сүреді. Бір жағынан жобалап, бір жағынан жасайды. Тоқ сымды үйдің бір басынан енді бір басына тартып, екі жағына қатысты аспаптар жалғап, бір-бірімен тілдеседі. Алайда, тәжірибе кезегінен сәтсіздікке ұшырайды.
Осылайша, тұп-тура екі жыл өте шығады. 1875 жылы наурыздың 10 жұлдызында Белл мен Ватсон өздерінің тәжірибеханаларында жаңа тілдесу сынағына дайындық жасап жатады. Осы кезде Белл абайсызда күкірт қышқылын төгіп алады да, ауырғанынан бар дауысымен “Ватсон!” деп айғайлап жібереді. Бұл дауыс тоқ сымы арқылы дереу Ватсонның қабылдағышына жетеді. Тілдесу сәтті болды, екеуі айрықша қуанады.
1951 жылы тұңғыш қолданбалы телефон ақыры табысты зерттеліп жасалды. Белдың нұсқауымен АҚШ 6400 километрлік ұзақ аралықтық телефон құрылымы құрастырылды. Осыдан бастап, телефон адам тұрмысында қолданыла бастады.
Жоғарыдағы мысалды қорытындыласақ, Белл болымсыз дыбысты зерттеп, оны хабар алысумен байланыстырып, адамзатқа игілік жарата білді. Сіз де әрқандай затты, амалды, тағы басқаларды әрқашан байланыстыра ойлай білсеңіз, ғалым болып шықпасаңыз да, өз тұрмысыңыздағы кез-келген қиын мәселені шеше аласыз деп ойлаймын.