- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Елімізде интерактивті жарнамасы...
Елімізде интерактивті жарнамасы бар құрылғы жасалды
Интерактивті жарнамасы бар бұл "будканы" ойлап тапқан "Eterium Media" қазақстандық компаниясы. Ағылшын тілін үйрететін курстың арнайы тапсырысымен жасалған бұл құрылғы алғаш рет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да халық назарына ұсынылды. Ерекше дизайнмен қапталған бұл құрылғы жастардың көңілінен шықты десек болады.
Өндірушілердің бірі Раушан Дүйсенова бұл аппараттың шығу тарихын әңгімелеп берді: "Біздің компания интерактивті жарнамамен айналысады. Бұл Ерен Әдепхан атты жас жігіттің тапсырысымен жасалған құрылғы. Біз ойланып, осындай аппарат жасауды шештік. Алғашқыда өзіңіз көріп тұрған кейіпкердің орнына бір атақты жұлдызды шақырамыз деген ой болған. Алайда, жоспарымызды өзгертіп, ағылшын курсының оқытушысы, ағылшын тілінің маманын алуды шештік. Дизайнды ойластырып, материалға тапсырыс беріп, софт жаздырдық. Осының нәтижесінде мынадай құрылғы шықты. Бұл жарнама алғашқы тапсырыс, болашақта бұл "будканы" жалға береміз. Қоғамның көңілінен шықса болғаны".
Бұл "будканың" қызметін баяндайық.
Алдымен кейіпкер сізді көріп, қол бұлғап, амандасады:
Сонан соң сізге ағылшын тілінде үш сұрақ қояды:
Жауабын арнайы қағазды экранға қаратып, бересіз, оны арнайы құрылғы анықтайды:
Үш рет дұрыс жауап берген соң сол кейіпкермен суретке түсіп, ағылшын тілі курсына жеңілдік аласыз:
Жастардың осындай қадамдарын қолдап жүрейік, ағайын!
Сурет: Massaget.kz
Арнайы Massaget.kz үшін
Ф. Абилова