- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Ел аузында: SMM...
Ел аузында: SMM деген не?
Қазір БАҚ беттерінде, журналистика саласында жүрген адамдардың арасында, маркетологтардың айтатыны – SMM. Біреуіміз түсініп, біреуіміз түсінбей жауабын білетін адамдай сыңай танытамыз. Алдағы уақытта әлемді жаулайтын, үлкен қарудың бірі де – SMM.
SMM деген не ?
SMM (Social Media Marketing) – әлеуметтік желідегі маркетинг. Бұл әлеуметтік желідегі жұмыстың маркетинг арқылы жүргізілу тәртібі. Қарапайым тілмен айтқанда медиа саласындағы сауда-саттық түрі.
SMM – бұл сайттардағы, әлеуметтік желілердегі, блогерлердің және форумда талқыланатын, тұтынушыларға ең ыңғайлы жұмыс түрін ұсынатын жер. Тұтынушылардың назарын аудартып, өнімді сатып алу үшін жарнама жасалады. Барлық адамның бірдей сеніміне кіру мүмкін емес, бірақ өнімді сатуға болады. Қазіргі кезде бұл түсінік қалыптасып кеткен және дамып жатқан сауданың ең ерекше түрі. Телеарналардағы аудиторияға қарағанда SMM бойынша жиналатын адамдардың қарасы көп. Себебі мұнда тек жарнамаға көз салып қана қоймайсыз. Тиянақты түрде өніммен танысып аласыз.
SMM арқылы нені шешуге болады:
– Бренд қалыптастыру, брендті дамыту;
– Танымал болу;
– PR;
– Белгілі бір мекеменің не компанияның сайтын жүргізуге болады.
Шағын және орта бизнестегі SMM мәселесі күн өткен сайын дамып, барлық кәсіпкерлер мен танымал тұлғалар осы маркетинг саласына баса назар аударды.
SMM қолдану жолдары:
– Құрастыру, безендіру, түрлі бағыттағы ақпараттар мен блогтар салу;
– Блогты тұрақты түрде жүргізу;
– Арнайы бір сала бойынша тұтынушылармен пікірталасқа түсу, әрдайым белсенді түрде жұмыс жасау, пікірге жауап беру;
– Өте беделді команиялар немесе форумдарды ұйымдастырушылармен ақпараттық кеңістік арқылы жұмыс жасау;
– Жанама емес, тікелей жарнама түрімен айналысу;
– Виртуалды маркетинг.
SMM бірден нәтиже бермеуі мүмкін, бірақ уақыт өте келе сізге үлкен аудитория алып келеді және сатылым жұмыстары да ойдағыдай жүзеге асады. SMM құрылымы жалпы жұмысы туралы келесі ақпараттарда оқи аласыздар.
М. Ақан