- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- eGov.kz порталына тіркелген...
eGov.kz порталына тіркелген кезде алдыңыздан шығатын 2 мәселе
eGov.kz порталына тіркелген кезде алдыңыздан 2 мәселе шығады.
1. NCALayer бағдарламасының жүктелмеуі,
2. Электронды цифрлық қолтаңбаңыздың болмауы.
Осы екі мәселені шешсеңіз, сіз көптеген қызметті үйде отырып-ақ онлайн түрде орындай аласыз. Бұл сіздің уақытыңызды үнемдейді әрі жүйкеңізді де қалпында сақтап қалады.
Рет-ретімен айтайық. Сіз egov.kz порталына тіркелмек болдыңыз делік. Бірақ порталға тіркеле алмайсыз. Өйткені компьютеріңізде NCALayer бағдарламасы жоқ. Бұл – аталған порталды тұтынуыңызға мүмкіндік беретін бағдарлама. Сондықтан NCALayer-ді компьютеріңізге жүктеп алыңыз.
Екінші мәселе, egov.kz сізден ЭЦҚ сұрайды. Оны әзірге онлайн түрде алу мүмкіндігі жоқ. Бірақ онлайн түрде өтініш жібере аласыз. Оны pki.gov.kz сайты арқылы жүзеге асырасыз. Сайттағы "ЭЦҚ кілттерін алу" батырмасын басып, әрі қарай өзіңізге қажетті батырманы таңдай бересіз. Онлайн өтінім жіберген соң кез келген ХҚО-ға барып, өз ЭЦҚ-ңызды ала аласыз. Есіңізде болсын, жеке куәлігіңізді жаныңыздан тастамаңыз.
Міне, осы екі қадамнан соң, сіз egov.kz порталының тұрақты қолданушысына айналасыз.
М. Оңғарова