- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- eGov.kz порталы арқылы...
eGov.kz порталы арқылы дәрігер қабылдауына тегін жазылу
Фото:
estatenetaustria.ru
eGov.kz порталы халыққа тиімді қызметтер ұсынып отыр. Соның бірі – дәрігер қабылдауына үйде (жұмыста) отырып-ақ жазылып қоюыңызға болады. Ол үшін eGov.kz порталына кіріп, мына батырмаларды басуыңыз керек.
- Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсыру беру» батырмасы бойынша өту.
- Өтінімді толтыру және жіберу (ЭЦҚ талап етілмейді).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) тіркеу туралы анықтамамен танысу.
- Белгіленген уақытта емханаға жүгіну.
Тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға тіркелу қажет, олай болмаған жағдайда қызмет көрсетуден бас тартылады.
М. Оңғарова