Дыбыс толқыны – айналамызда емін-еркін жүзіп жүрген ең құдіретті күш. Дыбысты бір-бірімізбен араласу үшін қолданамыз. Музыка тыңдап жанымызды тыныштандырамыз. Бірақ оның қолданылу шеңбері сіз ойлағаннан да зор.
• Әскери салада дыбыс толқындарын қарсы беттің құрылғысын бірнеше километр жерден аңғару үшін қолданады.
• Өнердегі дыбысты тек музыкада ғана емес, құммен сурет салу үшін де пайдаланады. Егер дыбыс толқынын тарататын құрылғыны құмға жақындатсаңыз, құм жан-жаққа ыдырай бастайды. Күнделікті майлы бояуларға да осылайша әсер етеді. Дыбыстың көмегімен сурет салатын суретшілер жоқ емес.
• Дыбыс арқылы адамзатты өлтіруге болатынын білесіз бе? LRAD қаруын жақын арақашықтықта қолдансаңыз адамның ішкі ағзасы жұмыс жасауын тоқтатады. Егер дыбысты бірнеше есе көбейтсеңіз, адамды жарып жібере алады.
• Классикалық музыка қылмыспен күресуге септігін тигізеді. 2003 жылы Лондонда метроларда классикалық әуен ойнап тұратын болған. Сол кездегі қылмыстың саны өзге жылдармен салыстырғанда үш есе төмен болған.
• Дыбысты лазер қиял емес. Бұл – жапон ғалымдарының көмегімен дүниеге келген жаңа құрылғы. Оның атауы – фазер. Дыбыс толқыны арқылы лазерлі сәуле белгілі бір жерге бағытталып оны бірер уақыттың ішінде күйдіруі мүмкін.
• Медицинада дыбысты ультрадыбысты зерттеу (УЗИ) кезінде қолданады. Жақында ғана қолданысқа енген HIFU Transducer құрылғысы дыбыс көмегімен жұмыс жасайды. Ол жарақаттарды жауып қана қоймай, іштегі зақымданған ағзаларды көрсетеді.
• Археоакустика — дыбыстармен жұмыс жасайтын археологияның саласы. "Кез келген ғимараттың өзіне тән дыбысы бар" дейді ғалымдар. Дәл осы археоакустика бөлімі бабаларымыздың өмірлік мекенін зерттей отырып, олардың тұрмысын түсіну үшін жұмыстанады.
• Дыбыс – жол сілтейтін бірден-бір зат. Жарқанаттар, құстар дыбысты дәл осы бағытта қолданады. Бір ғалымдар зерттеу жүргізу барысында жарқанаттарға ұшу үшін көз емес, құлақтың керектігін анықтаған болатын. Жануарлар қорғаныш қызметі ретінде дыбысты қолданады.
• Қазіргі таңда 3D дыбыстарды жазып алып, оны құлаққап арқылы тыңдау сәнге айналды. Біз мән бере бермейтін дыбыстарды солай сезініп жүрміз. Адамның мүмкіндігі зор екендігіне қарамастан, біз тек соның аз мөлшерін қолданамыз: қатты дыбыстарға ғана мән береміз.
Сіз ненің дыбысын ести аласыз?