Дүйсенбі туралы қызық деректер

Дүйсенбі туралы қызық деректер
Фото: qazaqstan.tv

Дүйсенбі десе жұмысқа асыққан адамдар, қарбалас күн елестейді. Бұл күнді "Ауыр күн" деп те атайды. Бірақ шындығында олай емес. Бұл күн аптаның басқа күндерінен еш айырмашылығы жоқ.

***

YouTube дүйсенбі күні пайда болды

Оның туған күні 2005 жылдың 14 ақпаны. Сол күні (дүйсенбі) YouTube домені өмірге келіп, көптеген адамдардың өмірінің бір бөлігіне айналды.

Дүйсенбі – жаңа көлік сатып алуға қолайлы күн

Зерттеулер көрсеткендей, кейбір адамдар көлік сатушылар үшін ең қарбалас күн болып табылатын демалыс күндері көлік сатып алудан қашқақтайды. Адамдар көліктерді дүйсенбіде сатып алады, өйткені сатушылар олармен көбірек уақыт өткізе алады.

Біз соншалықты бақытсыз емеспіз

Journal of Positive Psychology журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, дүйсенбіде біз өзімізді қайғылы, бақытсыз сезінеміз.

Шындығында, бұл олай емес, зерттеулер бұл күндегі көңіл-күй аптаның басқа күндерінен кем емес екенін көрсетті.

Көп елдерде дүйсенбі бірінші емес екінші күн саналады

Заманауи батыс мәдениеті әдетте дүйсенбінің жұмыс аптасының басталуы, қалыптасқан тәртіп бойынша бұл күні демалыстан соң ересектер жұмыс орындарына оралып, балалар мектепке бара бастайды. Негізінде дүйсенбі араб, грек, иврит және португал тілдерінде "екінші күн" деген мағынаны білдіреді, сол себепті де бұл күн жер бетіндегі барлық елдерде аптаның бірінші күні емес. Мысалы, мұсылман елдерінде жұма, сенбі – демалыс күндері, ал жексенбі, дүйсенбі – аптаның бірінші, екінші күндері болып саналады.

Дүйсенбі – онлайн сауда күні

Көптеген адамдар дүйсенбіде онлайн сауда жасайды.

Біздің салмағымыз басқа күндерге қарағанда ауыр

Корнелл университетінің салмақ циклі бойынша зерттеулеріне сәйкес, біз басқа күндерге қарағанда дүйсенбіде салмақ жинаймыз. Бұл таңқаларлық емес, өйткені сенбі және жексенбі күндері біз дәмді тағамдарды жейміз, аз қозғаламыз және көп демаламыз. Кейбіреулер тіпті дүйсенбіні салауатты өмір салтына қайта оралу мүмкіндігі ретінде қарастырады.

Жүрек соғысы күні

"Инфаркт күні" де жүрек ауруларының саны айтарлықтай өсетін дүйсенбіге келеді (орта есеппен 20 пайыз). Бұған жол бермеу үшін аптаның басы туралы аз уайымдаңыз.

Дүйсенбі жақсы күн

Орта есеппен дүйсенбі мен сейсенбі аптаның ең өнімді күндері

Уәделер күні

Дүйсенбіде адамдар өзіне ең көп уәде береді. Адмдар дүйсенбіде алдына әртүрлі мақсаттар қойып, өздерін ынталандырып, жаңа өмір бастауға тырысады.

Жаңа жоспарлар

Сүйікті телешоу немесе фильмді көру, онлайн сауда жасау немесе келесі демалысты жоспарлау дүйсенбі күнін айтарлықтай жақсартады.

Сонымен, жұмыстан жалығып жатсаңыз, көңілсіздіктен арылғыңыз келсе, дүйсенбі күні онлайн сауда жасап, келесі демалысыңызды жоспарлаңыз.

Т. Раушанұлы