Сәулет өнері – жалпы өнер атаулының ішіндегі үлкен еңбекті талап ететін, көз тартарлық сұлулығы, құрылмымен ерекшеленетін өнер. Джерри Джуда – осы өнердің қыр-сырын жетік меңгеріп қана қоймай, өз қиялымен туындыларына жан бітірген жан.
1997 жылы Ұлыбританияның Сассеке қаласында «Гудвуд» фестивалінде үнді азаматы – Джерри Джуданың «көлік сәулет өнері» атты адам ақылына сыймайтын, таңғажайып туындылары көрсетілді.
Джерри бала күнінде Лондонға көшіп келген. Осы елде, осы қалада "Голдсмит" сәулет өнері колледжін тәмамдап, аспирантураны «Слейд сәулет өнері мектебі» аталатын оқу орнында бітірді.
2015 жыл, "Mazda" коллекциясы.
"KODO жан қозғалысы" атты компанияның концепциясына негізделіп отырып жасалған бұл сәулет өнерінің биіктігі – 40 метр. Биікке қойылған екі көліктің бірі – Mazda 787B, екіншісі – Mazda Vision Gran Turismo LM55.
2014 жыл, Mercedes-Benz көлігі.
Бұл сәулет өнерінің биіктігі – 26 метр. Ал басты туынды 1934 жылғы Mercedes-Benz W 25 Silver Arrow көлігі және 2013 жылғы Mercedes AMG Petronas F1 W04 жаңа үлгісі. Бұл туынды Mercedes-Benz компаниясының 120 жылдығына арналып жасалған.
Porsche туындысы. 2013 жыл.
Биікті 35 метр болатын, салмағы 22 тонналық Porsche 911 көліктерінің үлгілері қойылған.
Lotus туындысы, 2012 жыл.
Айналмалы жол арқылы жүріп келе жатқан Формула 1 көліктері. Ұзындығы –150 метр. Салмағы –60 тонна. Бұл жерде Формула 1: Lotus 32B (Джим Кларк, 1965), Lotus 49B (Грэм Хилл, 1968), Lotus 72E (Эмерсон Фиттипальди, 1973), Lotus 79 (Марио Андретти, 1978), Lotus 99T (Айртон Сенна, 1987) және соңғы үлгідегі Lotus F1 Team Сhallenger көліктері қойылған.
Jaguar туындысы. 2011 жыл
Jaguar E-Type 1961 жылғы көліктің үлгісі автордың ең ерекше туындысы. 28 метр биіктікте орналасқан бұл туындының салмағы – 175 тонна.
Alfa Romeo. 2010 жыл