Балықтың денсаулыққа пайдасы туралы көпшілік білсе де, одан дайындалған тағамды бәрі бірдей жақсы көре бермейді. Әлемде балықтың түрі көп. Соның ішінде ең пайдалысы қандай балық?
Адам денсаулығына ең пайдалысы – арқан балық. Бұл нәтижеге оның құрамындағы көп қанықпаған май қышқылдары мен D дәруменінің көп мөлшері әсер етті. 100 г арқан балықта – D дәруменінің күндізгі нормасы және магний, В6, В12 дәрумендері, ниацин, селен нормасының шамамен 50%-ы бар. Ол кальцийге және 80-нен аса құнарлы заттарға бай.
Арқан балықты уақытылы жеу арқылы көптеген аурулардың алдын алуға және жеңілдетуге, кей жағдайда емдеуге болады. Холестерин қалпына келеді, қантамырлардың жағдайы, зат алмасу және эндокринді жүйенің жұмысы жақсарады.
Арқан балықтың ақуызы амин қышқылдарға бай. Ол жеңіл сіңеді, оны барлық спортшылар бірдей жақсы көреді. Сонымен қатар, ол балаларға, жүкті әйелдерге және қарт кісілерге өте пайдалы. Арқан балықты тамақтану үлесіңізге жиі қосыңыз, себебі ол көзді, жүйке жүйесін, теріні, тырнақты және шашты қорғайды.